back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
ата-аналармен кездесу
14-04-2026 15:30
ата-аналармен кездесу
Балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша ата-аналармен кездесу өтті
Бүгін мектепте ата-аналармен балалардың қауіпсіздігі, тәрбие және ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі мәселелеріне арналған кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мектеп директоры Есенова М.А. сөз сөйлеп, бала тәрбиесі, ата-ананың балаға, әсіресе кешкі және сабақтан тыс уақыттағы жауапкершілігі туралы айтып, ата-аналарға маңызды ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер берді.
Педагог-психологтер Шаймерденова А.Б. мен Кратович Е.М. цифрлық сауаттылық, кибербуллингтің алдын алу, баланың жыныстық қол сұғылмаушылығы, жеке шекараның маңыздылығы тақырыптары бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар ата-аналарға баланың кіммен араласатынына, немен қызығатынына, цифрлық ортадағы белсенділігіне ерекше назар аудару қажеттігі түсіндірілді. Баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы айтылып, қиындық туған жағдайда баланың ата-анасына сенім артып, көмек пен кеңес сұрай алуы өте маңызды екені атап өтілді.
Бұл кездесу ата-аналардың балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттылығын арттырып, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Встреча с родителями по вопросам детской безопасности
Сегодня в школе была организована встреча с родителями, посвящённая вопросам детской безопасности, воспитания и ответственности взрослых за жизнь и благополучие детей.
В ходе встречи выступила директор школы Есенова М.А., которая осветила вопросы воспитания, родительской ответственности за ребёнка, особенно в вечернее и внеурочное время, а также дала практические рекомендации по организации безопасного и доверительного пространства в семье.
Педагоги-психологи Шаймерденова А.Б. и Кратович Е.М. выступили по актуальным темам: цифровая грамотность, профилактика кибербуллинга, половая неприкосновенность детей, важность соблюдения личных границ.
Особое внимание родителей было обращено на необходимость интересоваться кругом общения ребёнка, его увлечениями, активностью в цифровом пространстве, а также выстраивать с детьми доверительные отношения. Это важно для того, чтобы ребёнок всегда мог обратиться к родителям за поддержкой, поделиться трудностями и знал, к кому можно обратиться за помощью и консультацией в сложной ситуации.
Проведённая встреча способствовала повышению родительской осведомлённости по вопросам безопасности детей и укреплению взаимодействия семьи и школы.
Новости