Ғарышкерлер күні
Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де дүйсенбі, 13 сәуір күні Ғарышкерлер күніне орай сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегі туралы мағлұмат берілді. Оқушылар Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев туралы қызықты деректермен танысты.
Іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың ғылым мен ғарышқа деген көзқарасын кеңейтті. Сынып сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.