back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Құстар – біздің досымыз»
03-04-2026 11:41
«Құстар – біздің досымыз»
«Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Құстар – біздің досымыз» атты іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар құстардың тіршілігі, олардың табиғаттағы маңызы туралы мәлімет алып, өз қолдарымен құстарға арналған ұялар мен жемсауыттар жасайды. Дайындалған ұялар мен жемсауыттар мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға ілініп, құстарға қолайлы орта жасауға бағытталады.
табиғатты қорғау – әрбір адамның міндеті екенін ұғындыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара нәтижесінде оқушылар табиғатқа жанашырлық танытып, «қамқор жүрек» қағидасын іс жүзінде көрсетеді.
Новости