2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні
2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні
Жыл сайын 2 сәуір күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі. Бұл күн қоғамға аутизм спектріндегі ерекшелігі бар адамдарды түсіну, қабылдау және қолдаудың маңыздылығын еске салады. Бұл атаулы күн әрбір бала үшін инклюзивті әрі мейірімді орта қалыптастыру қажеттілігіне назар аудару мақсатында белгіленген.
Аутизм — ауру емес. Бұл — қоршаған ортаны өзгеше қабылдау, әлемді басқа қырынан көру және түсінудің ерекше тәсілі. Аутизмі бар балалар эмоцияларын, қарым-қатынасын, дыбысқа, жарыққа, жанасуға және айналасындағы оқиғаларға реакциясын басқаша білдіруі мүмкін. Олардың әлемі өз сезімімен, логикасымен, қызығушылығымен және өмірге деген ерекше көзқарасымен ерекшеленеді.
Ең бастысы, әр бала — қайталанбас тұлға. Аутизмі бар балалардың да көптеген күшті қырлары бар: шынайылық, ұсақ бөлшектерге мән беру, ерекше ойлау, сүйікті ісіне терең бойлау, шығармашылыққа, математикаға, музыкаға немесе техникаға бейімділік.
Мектептің, отбасының және қоғамның міндеті — мұндай баланы өзгерту емес, оның мүмкіндігін ашуға, өзін қоғамның маңызды мүшесі ретінде сезінуіне және жетістікке жетуіне көмектесу.
Бұл күні баршаңызды мейірімді, жанашыр болуға шақырамыз.
Әлемнің әсемдігі — әр адамның оны әртүрлі қабылдауында.
Мектебімізде әрдайым қабылдау, құрмет, достық және әр оқушыға тең мүмкіндік салтанат құрсын!
2 апреля — Всемирный день распространения информации об аутизме
Ежегодно 2 апреля во всём мире отмечается Всемирный день распространения информации об аутизме. Этот день напоминает нам о важности понимания, принятия и поддержки людей с расстройствами аутистического спектра. Дата учреждена Организацией Объединённых Наций, чтобы обратить внимание общества на необходимость создания инклюзивной и доброжелательной среды для каждого ребёнка.
Аутизм — это не болезнь. Это особый способ восприятия, понимания и взаимодействия с окружающим миром. Дети с аутизмом могут по-другому выражать эмоции, общаться, реагировать на звуки, свет, прикосновения и события вокруг. Их мир наполнен своими чувствами, логикой, интересами и уникальным взглядом на жизнь.
Очень важно помнить, что каждый ребёнок уникален, и дети с аутизмом обладают множеством сильных сторон: искренностью, внимательностью к деталям, необычным мышлением, способностью глубоко погружаться в любимое дело, талантом к творчеству, математике, музыке или технике.
Задача школы, семьи и общества — не «переделывать» такого ребёнка, а помочь ему раскрыть свои возможности, почувствовать себя принятым, нужным и успешным. Поддержка, терпение, понимание и уважение помогают детям с особенностями развития уверенно идти вперёд.
В этот день мы призываем всех быть добрее, внимательнее и помнить:
мир прекрасен именно потому, что все люди видят его по-разному.
Пусть в нашей школе всегда царят принятие, уважение, дружба и равные возможности для каждого ученика.