back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18-03-2026 10:46
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай мектеп парламентінің қыздары ұлттық нақыштағы әсем киімдер киіп, ерекше бейнеролик түсірді. Олар қазақтың дәстүрлі киімдерін паш етіп, оның әсемдігі мен мән-маңызын көрсете білді.
Түсірілген бейнеролик арқылы оқушылар ұлттық мәдениетке деген құрметін білдіріп, ата-бабадан қалған асыл мұраны насихаттады. Мектеп парламенті мүшелерінің белсенділігі мен шығармашылығы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл игі бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында мәдени мұраға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Новости