18 наурыз – Ұлттық киім күні.
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай
бастауыш сыныптың қыздары ұлттық нақыштағы әсем киімдер киіп, ерекше бейнеролик түсірді. Олар қазақтың дәстүрлі киімдерін паш етіп, оның әсемдігі мен мән-маңызын көрсете білді.
Түсірілген бейнеролик арқылы оқушылар ұлттық мәдениетке деген құрметін білдіріп, ата-бабадан қалған асыл мұраны насихаттады. Қыздардың белсенділігі мен шығармашылығы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл игі бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында мәдени мұраға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етеді.