back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру
18-03-2026 10:44
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жобасын жүзеге асыру мақсатында мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу бүгінгі күннің басты талабы. Нұра ауданы бойынша біздің мектеп қабырғасында 17ші наурыз күні «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті. Бұл сынып – еліміздің болашағын қорғауға, Отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Қарағанды облысының полиция департаменті және облыстық білім басқармасымен бекітілген өзара ынтымақтастық туралы мемарундум негізінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды. «Жас сақшы» жобасы – тәртіп пен тәрбие, білім мен жауапкершілікті бойына сіңірген, болашақтың нағыз азаматтарын тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында азаматтықты, патриотизмді, ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби қызығушылықты және полиция қызметіне саналы көзқарасты дамытуға бағытталған қасиеттерді қалыптастыру мақсатын көздейді.
«Жас сақшы» сыныбының кабинеті Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагері, Нұра ауданының құрметті азаматы милиция подполковнигі Жанабыл Баймағамбетовтың аты берілді.
Новости