«Бауырсақ party»
Бүгін мектепте ерекше әрі көңілді «Бауырсақ party» ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға оқушылар белсене қатысып, әрқайсысы өз үйлерінде пісірілген бауырсақтарын ала келді. Оқушылар өз қолдарымен әкелген бауырсақтарын ұстаздарға және сыныптастарына таратып, бір-біріне деген құрмет пен ізеттіліктерін көрсетті.
Шара барысында оқушылар ұлттық тағамның қадір-қасиеті туралы мәлімет алып, оның дайындалу жолдары мен маңызын түсінді. Сонымен қатар, бұл «Бауырсақ party» оқушыларды еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және қонақжайлыққа тәрбиелеуге ықпал етті.
Іс-шараның ерекше көркі – оқушылардың домбыра тартуы болды. Балалар күмбірлеген күй орындап, ұлттық өнерімізді дәріптеді. Әсем әуендер мерекелік көңіл-күйді одан әрі көтеріп, қатысушыларға рухани ләззат сыйлады.
Мектеп ішінде жылы әрі достық атмосфера қалыптасып, барша қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында адамгершілік, сыйластық және бірлік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.