«Отбасы – бақыт мекені»
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында әлеуметтік педагог Аргимбаева И. С. 6 сынып оқушыларының ата-аналармен мерекелік кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен түсіністікті нығайту. Кездесу барысында ата-аналар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, олардың мағынасына тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар түрлі қызықты ойындар мен тренингтер ұйымдастырылып, ата-аналар белсенді қатысты.