Бүгін Р. Асубаев атындағы ЖББ мектепте «Айгөлек» шағын орталығының кішкентай бүлдіршіндері мен тәрбиешілері ерекше әрі көңілді «Бауырсақ party» ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар ұлттық тағамымыз – бауырсақтың маңызын танып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндер мектеп оқушылары мен ұстаздарға бауырсақ таратып, ізгі ниет пен жылулықтарын көрсетті. Бұл шара ұжым арасындағы татулықты нығайтып, ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған жарқын әрі есте қаларлық мереке болды. ![]()
![]()