14 наурыз – Көрісу күні
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Баршаңызды 14 наурыз – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан ерекше дәстүрлерінің бірі. Бұл күн – адамдар бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақжарма тілектер айтып, сыйластық пен татулықты нығайтатын мереке.
Осы жарқын күні әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, мол бақыт пен береке тілейміз. Ынтымақтарыңыз артып, әр күніңіз қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!
Көрісу күні құтты болсын!
Жылымыз берекелі, мерекеміз мерейлі болсын!

