Наурызнама жоспары аясында ұйымдастырылған «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты тоғызқұмалақ жарысының мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау, олардың зияткерлік және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тоғызқұмалақ – халқымыздың көне әрі терең ойды қажет ететін ұлттық ойындарының бірі. Жарыс барысында оқушылар ойын ережелерін сақтай отырып, өзара сайысқа түсіп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.