«Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың»
Дұрыс және қауіпсіз тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында оқушыларға тағам өнімдерін таңдау кезінде олардың құрамын, жарамдылық мерзімін және жапсырмадағы ақпаратты дұрыс оқып, түсінудің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты сақтау, сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыруға назар аударылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тағам өнімдерінің таңбалануын оқып, түсіну бойынша сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ұсынылған ақпараттық бейнеролик оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына бағыт берді.