«Мейірім сыйла»
«Қамқор» жобасының жоспары аясында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мейірім сыйла» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – көп балалы аналарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін бағалау, сондай-ақ оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық және үлкенге құрмет сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Балалардың шынайы ықыласпен жасаған сыйлықтары аналарға ерекше қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды.
Бұл акция оқушыларды қайырымдылық жасауға, өзгеге қуаныш сыйлауға және аналардың еңбегін бағалауға тәрбиелейді. «Мейірім сыйла» акциясы қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттап, аналарға деген алғыс пен құрметті арттыруға өз үлесін қосты.