«Patriots Quiz Time»
2.03 күні оқу сауаттылық апталығы аясында 7 қазақ сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есенова Малика Канатовна «Patriots Quiz Time» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаттары – білім алушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау біліктерін жетілдіру болды. Сонымен қатар, адалдық қағидаттарын және жауапты азаматтық ұстанымды тәрбиелеу, оқылым дағдыларын жетілдіру, мәтін мазмұнын түсіну және ақпаратты сыни тұрғыдан талдау қабілеттерін арттыру көзделді. Ұлттық құндылықтар туралы білімді заманауи өмірмен байланыстыра білуге ерекше мән берілді.
Іс-шара барысында оқушылар 4-5 адамнан тұратын үш топқа бөлінді. Әр топ викторинаның түрлі кезеңдерінде ел тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен қазіргі дамуына қатысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Жарыс форматы оқушылардың белсенділігін арттырып, ұйымшылдық пен салауатты бәсекелестік атмосферасын қалыптастырды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өз білімдерін, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын және топтық ынтымақтастық қабілеттерін көрсете білді. «Patriots Quiz Time» викторинасы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, туған елге деген құрмет сезімін нығайтуға ықпал етті.