«Алғыс айтамын»
“Адал-Азамат біртұтас тәрбие бағларламасы” аясында Алғыс айту күніне орай мектебімізде «Алғыс айтамын» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өздерінің жүрекжарды алғыс тілектерін жазып, ата-аналарына, ұстаздарына, достарына және жақын жандарына деген ризашылықтарын білдірді.
Жазылған тілектер арнайы конверттерге салынып, иелеріне табысталуға дайындалды. Бұл іс-шара оқушылардың бойында сыйластық, құрмет, мейірімділік пен ризашылық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.