«Әкеге қарап ұл өсер»
Мектебімізде "Адал Азамат " біртұтас тәрбие бағдарламасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында әкелер қатысуымен қар күреу челленджі өтті.
Бұл бастама – әкенің іс арқылы тәрбие берудің көрінісі. «Әкеге қарап ұл өсер» деген сөздің өмірдегі дәлелі. Балалар әкенің еңбегін көріп, жауапкершілікті, адалдықты, еңбексүйгіштікті бойына сіңіреді.
Бірге атқарылған еңбек – әке мен бала арасындағы сенімді күшейтеді. Таза ауада, ортақ іске жұмылу – ұрпақ тәрбиесіндегі ең тиімді тәсілдердің бірі.
Осы игі бастаманы Ш.Уалиханов атындағы мектептен қабыл алып С.Сейфуллин атындағы мектеп әкелер ұйымдарына жолдаймыз. Бірге еңбек етейік, бірге үлгі болайық!