«Шуақты күндер»
Р.Асубаев атындағы ЖББМ 19 ақпан күні 9 қазақ сынып Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» шығармасы
Қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық тәрбиесі мен отбасы құндылықтары туралы сыр шертеді. Шығарма негізінен автордың қайын атасы – қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі мен тәлім-тәрбиесіне арналған.Кітапта батырдың мінезі, адамгершілігі, ұлтжандылығы, тәртіпке беріктігі көркем тілмен суреттеледі. Сонымен қатар қазақы тәлімнің қыр-сыры, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ана мен келін қарым-қатынасы сияқты маңызды мәселелер кеңінен қамтылады.
«Шуақты күндер» – өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпаққа жеткізетін, рухани құндылықтарды дәріптейтін тағылымды шығарма.
Шуақты күндер шығармасы бойынша тапсырма түрлері орындалды :
1. Мазмұндық тапсырмалар
• Шығарманың қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
• Кітаптың негізгі идеясын анықтаңыз.
• Автор қандай құндылықтарды насихаттайды?
2. Кейіпкерге талдау
• Бауыржан Момышұлы бейнесіне мінездеме беріңіз.
• Батырдың тәрбиелік ұстанымдарын атаңыз.
• Кейіпкердің бойындағы 3 асыл қасиетті жазыңыз.
3. Шығармашылық тапсырмалар
• «Отбасы тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында эссе жазыңыз.
• Батырға хат жазыңыз.
• Кітаптан алған әсеріңіз туралы пікір жазыңыз.
4. Талдау тапсырмалары
• Шығармадағы салт-дәстүрлерді атаңыз.
• Үлкенге құрмет, кішіге ізет ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.
• Қазіргі қоғаммен салыстырып, ой қорытыңыз.
5. Дәйексөзбен жұмыс
• Кітаптан ұнаған нақыл сөзді теріп жазыңыз.
• Оның мағынасын түсіндіріңіз.