"Кітап оқитын ұлт"
17 ақпан күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ ұстаздары "Кітап оқитын ұлт" жобасы бойынша педагогтерге арналған кітаптар тізімінен Санжар Керімбайдың "Өзбекәлі және мәдени майдан" шығармасын қарастырды. Тұлғаның мәдениет саласына сіңірген еңбегі жайлы пікіралысып, тарихтағы орнын бағалады.