Бүгін «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы аяқталды. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті ғылымдардың негізін құруда. Білімге деген қажеттілік - өз бетінше іздену, қойылған мақсаттарына ұмтылу қасиеттерін дамыту. Компьютерлік сауаттылықтарын арттыру – осы іс-шаралардың негізгі мақсаты болып табылады. Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, ақпаратты өңдеу, онлайн ортада бейімделу, оқушылардың қабілеттерін анықтайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды - жасанды интеллект жылы деп жариялады. Еліміз цифрлық сауаттылық мәселесіне ерекше назар аударады. Цифрлық сауаттылық - білім алушылардың қазіргі өміріндегі қабілеттерінің маңызды элементі болып табылады.