back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«дропперлік»
12-02-2026 11:46
«дропперлік»
12 қаңтарда Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына және Қарағанды облысының білім басқармасының хатына сәйкес білім алушылар мен ата-аналар арасында банк карталарын үшінші тұлғаларға беру, заңсыз ақша аударымдарына қатысу және «дропперлік» әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға банк шоттарын, төлем құралдарын және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді. Қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер, қаржылық алаяқтықтың түрлері және мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Кездесуге полиция қызметкерлері тартылып, видео материалдар көрсетіліп жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен ата-аналардың қаржылық қауіпсіздік туралы білімін арттыру, заңсыз әрекеттерге тартылудың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости