профилактикалық кеңес
Ақпанның 3 күні мектебімізде профилактикалық кеңес отырысы өткізілді. Кеңестің негізгі міндеті – оқушылардың мінез-құлқына талдау жасау, тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу, ата-аналармен және сынып жетекшілерімен өзара әрекеттестікті күшейту.
Кеңес отырысында тәртіп бұзуға бейім оқушылардың жағдайы қаралып, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, тәрбиелік, психологиялық және әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сүйене отырып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы талқыланды.