«Тәртіп және жауапкершілік»
Р. Асубаев ЖББМ-де «Тәртіп және жауапкершілік» тақырыбында оқушылар бейнеролик түсірді. Видеода буллингке жол бермеу, мектеп мүлкін бұзбау, ұрлықтың алдын алу және аса ауыр жарақат салудың салдары көрсетіліп, заң талаптары мен тиісті баптар таныстырылды. Бұл видео оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.