Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері»
30 01.2026 Р Асубаев атындағы ЖББМ
Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» – қазақтың рухани-философиялық ойының шыңы саналатын прозалық шығармалар жинағы. Бұл еңбекте ақын өлеңмен емес, қара сөзбен халыққа тікелей тіл қатып, адам болмысы, мінез-құлық, білім, еңбек, иман, ар-ождан, надандық пен жалқаулық сияқты өзекті мәселелерді терең талдайды.
Қара сөздерде Абай қазақ қоғамының кемшіліктерін сынға алып қана қоймай, одан шығудың жолдарын көрсетеді. Ол адамды өзін-өзі тәрбиелеуге, ақыл мен ғылымға ұмтылуға, адал еңбек етуге үндейді. Шығарма тәрбиелік, философиялық және моральдық мәні жоғары туынды ретінде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Іс-шара барысында мұғалімдерге Абай Құнанбайұлының 31-қара сөзі түсіндірілді. Қара сөздің негізгі мазмұны мен тәрбиелік мәні ашылып, білім, ақыл, мінез-құлық және адамгершілік туралы айтылған ойлар талданды.
Тақырыпты тиімді жеткізу мақсатында презентация көрсетіліп, мұғалімдер арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар қара сөздің оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызына тоқталып, оны сабақ барысында қолдану жолдарын талқылады.
Іс-шара мұғалімдердің рухани-адамгершілік бағыттағы білімін арттыруға және кәсіби тәжірибесін жетілдіруге оң ықпал етті.