"Ұжымда барлығына орын бар"
«Досболайық» бағдарламасы аясында 8-сынып оқушыларымен әлеуметтік педагог Аргимбаева И.С "Ұжымда барлығына орын бар" атты тренинг сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластықты қалыптастыру, буллинг пен кикілжіңдердің алдын алу, тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында оқушыларға топтық жұмыстар, сергіту жаттығулары, пікір алмасу және жағдаяттық тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірін тыңдау, түсіну және қолдау көрсету дағдыларын меңгерді.
Сабақ нәтижесінде оқушылардың эмоционалдық ахуалы жақсарып, ұжымдағы ынтымақтастық пен достық атмосфера нығая түсті.