Досболайық бағдарламасы
Досболайық бағдарламасы аясында 5-сынып оқушыларымен мектебіміздің әлеуметтік педагогы Аргимбаева И. С. тренинг сабақ өткізді. Оқушыларының эмоцияларын тану, түсіну және дұрыс жеткізу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ достық қарым-қатынастың маңызын ұғындыруға бағытталған. Сабақ барысында оқушылар түрлі интерактивті жаттығулар мен ойындар арқылы өз сезімдерін ажыратуды, сыныптастарына жанашырлықпен қарауды, бір-бірін тыңдай білуді үйренеді.
Іс-шара барысында эмоцияны басқару, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу, достыққа адал болу сияқты құндылықтар насихатталды.
Тренинг сабақ оқушылардың әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге, ұжымда өздерін еркін сезінуіне және достық қарым-қатынасты бағалай білуіне ықпал етті.