Қаңтар айында «Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жаңа жылда, жаңа мейірім» атты қарттарға көмек акциясын әлеуметтік педагог Аргимбаева И. С. 8-9 сынып оқушыларымен өткізді. Қарт адамдарға қолдау көрсетуге, қамқорлық пен мейірімділікке тәрбиелеуге бағытталған акция барысында оқушылар қарттардың ауласы мен кіреберіс жолдарын қардан тазартып, тұрмыстық көмек көрсетті. Іс-шара оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын қалыптастырады.