back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Әлия Молдағұлованың батырлығы»
09-12-2025 15:44
«Әлия Молдағұлованың батырлығы»
Бүгін мектебімізде «Әлия Молдағұлованың батырлығы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ерлігімен таныстыру, оқушылардың патриоттық сезімін ояту және елін қорғаған батырларымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Әлияның балалық шағы, майданға аттануы, снайперлік шеберлігі мен көрсеткен ерлігі туралы мәліметтер ұсынылды. Батырдың рухын танытатын деректер, суреттер мен бейнематериалдар көрсетіліп, оның ерлігіне арналған өлеңдер оқылды.
Оқушылар батырлық туралы пікір талқылап, «Менің Отаным – менің мақтанышым» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, батырлардың өнегелі жолына құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости