back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
құқық қорғау органдарының мамандарымен оқушылардың кездесу шарасы
21-11-2025 09:31
құқық қорғау органдарының мамандарымен оқушылардың кездесу шарасы
Бүкіләлемдік балалар күніне орай мектепте құқық қорғау органдарының мамандарымен оқушылардың кездесу шарасы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың құқығы мен қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және күнделікті өмірде өз құқықтарын қорғау жолдарын үйрету.
Шара барысында мамандар оқушыларға адам құқықтары туралы, киберқауіпсіздік, тұрмыстық қауіпсіздік, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауап алды.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға ықпал етті. Шара Бүкіләлемдік балалар күні аясында маңыздылығымен ерекшеленді.
Новости