«Досыңды бейнеле / Нарисуй друга»
Р. Асубаев ЖББМ барлық сынып оқушыларының қатысуымен «Досыңды бейнеле / Нарисуй друга» атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар өз достарының бейнесін стикерлерге салып, үлкен ортақ плакатқа жапсыру арқылы бірегей көрме жасады.Бұл іс-шара барлық жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін, достық қарым-қатынасын, бір-біріне деген сыйластығы мен жылы ниетін арттыруға бағытталды. Әр оқушы досын өз қиялы бойынша бейнелеп, сурет арқылы достықтың маңызын көрсете білді.Жоба өте қызықты, көңілді атмосферада өтті. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын қарап, жақсы көңіл күймен бөлісіп, мектеп ішінде жағымды орта қалыптастыра алды.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg