«Көңіл- күй және эмоция»
Р. Асубаев мектебінің 5-сынып оқушыларымен «Көңіл- күй және эмоция» тақырыбында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Аргимбаева И.С арт тренинг сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға көңіл- күй мен эмоция түрлері туралы түсінік беру, өз сезімдерін тану мен дұрыс білдіру қабілетін дамыту, сондай-ақ ерікті бақылау дағдыларын дамыту және көңіл-күйді реттеу.
Сабақ барысында тренингтік жаттығулар, көңіл-күйге байланысты суреттермен жұмыс, әңгіме-дискуссиялар ұйымдастырылды. Оқушылар өз эмоцияларын, смайликтер арқылы бейнелеп, позитивті ойлау мен өз-өзіне сенімділікті дамыту тәсілдерін үйренді.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg