«Мейірімділік апталығы»
Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Қамқор» әлеуметтік жобасының жоспары бойынша мектепте «Мейірімділік апталығы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатты сүюге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Экологиялық мәдениетін қалыптастыру және мейірімділікке тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар еңбек мұғалімі Абденов А.Е бірге түрлі материалдардан құстарға арналған жемсауыттар жасап, мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға ілді. Балалар табиғатты қорғау, қыс мезгілінде құстарды азықтандырудың маңызы туралы ақпарат алды.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, жауапкершілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру.Жауапты мектептің әлеуметтік педагогы Аргимбаева И. С.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg