«Қыран елім – Қазақстаным!»
Жас Сарбаз сыныбында Қазақстан Республикасы күніне орай
«Қыран елім – Қазақстаным!» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты : Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, ел тарихы мен жетістіктерін мақтан етуге тәрбиелеу.
Менің Отаным – кең байтақ Қазақстан! Көк аспанда қалықтаған қыран құстай елім де еркін, рухы да биік. Тәуелсіз елімнің көк туы – бейбітшіліктің, бірліктің және азаттықтың нышаны.Қазақстан – көпұлтты, тату ел. Осында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Елбасымыздың дана саясаты мен халқымыздың еңбегінің арқасында еліміз күннен-күнге гүлденіп келеді.
Біз – ұлт болашағымыз, еліміздің ертеңіміз! Туған жерімізді сүю, қорғау және дамыту – әрбіріміздің қасиетті борышымыз.
Қыран елім – Қазақстаным!
Биіктен самға, асқақ елім!
Көк туың мәңгі желбірей берсін!
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg