back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Сәкен оқулары
17-10-2025 10:27
Сәкен оқулары
Қазанның 17 күні Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебінде аумақтық Сәкен оқулары өтті.
А. Асылбеков,
М. Дулатұлы,
С Сейфуллин, Р. Асубаев атындағы ЖББМ 16 оқушы қатысты. Салтанатты түрде ашылуында мектеп директоры Есенова Мендыгуль Амангельдиновна құттықтау сөздерінен кейін концерт ұйымдастырылды. Сәкен өлеңдері оқылып, әндері орындалды, қатысушылар балалардың патриоттық әндері мен билерін тамашалады.
Сәкен өлеңдерін мәнерлеп оқу"Құр өлең деп ойлама, ынталы сөзге құлақ сал" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар:С.Сейфуллин мектебінің 4-сынып оқушысы Дауылбай Айзере, Р. Асубаев мектебінің 3- сынып оқушысы Байменде Ислам, 7-сынып оқушысы Ерғали Аллаберген.
"Сыр сандықты ашып кара" өз шығармашылығын оқу бойынша ерекшеленген оқушылар: М. Дулатұлы мектебінің 8-сынып оқушысы Байкалұлы Дастан, С. Сейфуллин мектебінің 10-сынып оқушысы Асқар Аружан.
"Сым пернені басып қара, басып қара жырласын" номинациясы Сәкен әндерін орындауда жеңімпаз атанған оқушылар: С. Сейфуллин мектебінің 6-сынып оқушысы Есенгелді Дарина, Р. Асубаев мектебінің 7-сынып оқушысы Есенжол Малика.
Барлық қатысушылар марапатталды.
Аудандық байқауға жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости