"Кітап оқитын ұлт"
Оқырмандардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды санаға сіңіру, отансүйгіштікке баулу, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сыни ойлау қабілеттерін, эрудиция, креативтілік ті дамыту мақсатында енгізілген "Кітап оқитын ұлт" жобасы бойынша Р. Асубаев атындағы ЖББМ іс-шаралар атқарылуда. Ұстаздар мен оқушыларға, отбасыларға көркем шығарма тізімдері ұсынылды. Мектеп бойынша оннан астам отбасы тіркеліп, шығармалармен танысып, оқуды бастады. Абайдың қара сөздерін оқып, талдады. Адами қасиеттер жайлы пікірлесті.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg