"қыздар күні қарсаңында"
Мектебімізде "қыздар күні қарсаңында" қол еңбегіне баулу және ұқыптылық дағдыларын дамыту мақсатында «Түйме қадау» атты конкурс ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, түймені дұрыс және әдемі қадау тәсілдерін орындады. Іс-шара оқушылардың қол икемділігін, ұқыптылығын және шыдамдылығын арттыруға бағытталды. Белсенді қатысушылар марапатталып, іс-шара қызықты және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg