«Дублёр күні»
3 қазан күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ Ұстаздар күніне орай «Дублёр күні» өткізілді. Бұл күні оқушылар ұстаздардың орнын алмастырып, сабақ өткізу арқылы мұғалім мамандығының жауапкершілігі мен қадірін терең түсінді. Іс-шара өте әсерлі әрі көңілді өтті. Сонымен қатар мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, керемет көңіл күй сыйлады.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg