өрттің алдын алу жаттығулары
24.09 мектебімізде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында өрттің алдын алу жаттығулары ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық ТЖБ әдіскері Дүйсенбай Қ.А., оқушылар мен мұғалімдер, жұмыскерлер қатысты. Жаттығу барысында дабыл қаққыш іске қосылып, оқушылар белгіленген тәртіп бойынша эвакуация жолдарымен мектеп ауласында жиналды. Арнайы өрт сөндіру маманы өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіріп, өрт сөндіргішті қалай дұрыс пайдалану керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті. АӘжәне ТД мұғалімі Кусаинова А.К. бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, мұндай жаттығулар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын жеткізді.Осындай тәжірибелік жаттығулар оқушылардың төтенше жағдайға дайын болуына, өз өмірі мен өзгенің өмірін сақтауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
#нұраауданыбілімбөлімі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
#төтеншежағдай