«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
«Смарт бала» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жаңа идеялар ұсынуға ынталандыру және ғылыми-техникалық бағытқа қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында балалар қарапайым құралдар арқылы шағын тәжірибелер жасап, өз ойлап тапқан жұмыстарын таныстырды. Бұл қадамдар олардың болашақта жаңашылдыққа ұмтылуына, ізденімпаздыққа тәрбиеленуіне негіз қалады.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg