Буллингтің алдын алу, интернеттегі алаяқтық
2025 жылдың 22 қыркүйегінде мектебімізде ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Ә.Т. Ибитанова, ПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Н. Амантай, ПБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты А. Сабыр оқушылар мен ұстаздарға маңызды дәріс өткізді.
Кездесу барысында буллингтің алдын алу, интернеттегі алаяқтық әрекеттерден сақтану, нашақорлықтың зияны мен оның зардаптары, сондай-ақ лудоманияның (құмар ойынға тәуелділік) қауіптілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Инспекторлар оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болып, саналы да жауапты азамат болып қалыптасудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, ұстаздарға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жөнінде кеңестер ұсынылды.
Бұл дәріс балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg