«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР»
7-11 сынып ер балаларына «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» – Отан қорғаушылардың идеологиялық негізі тақырыбында ерлік сабағы өтті.
Ерлік сабағы – бұл тек өткенді еске алу ғана емес, болашаққа бағдар. Біз Отанымызды қорғаған қаһармандарымызды еске аламыз. Себебі бүгінгі бейбіт күн – олардың ерлігінің жемісі. Біз олардың жолын жалғастырып, Отанға адал қызмет етуіміз керек. Жауапты, адал, тәрбиелі және білімді жастар – еліміздің ең үлкен байлығы. Егер біз осы құндылықтарды бойымызға сіңірсек, Қазақстанның болашағы жарқын болады.
Негізгі мақсат – әскери қызметшілер мен әскери ұжымдардың туған жерді қарулы түрде қорғау бойынша оларға жүктелген міндеттерді бейбіт және соғыс уақытында сәтті орындауға жан-жақты дайын болуын қамтамасыз ету. Әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеу олардың әрқайсында және әскери ұжымдарда жоғары жауынгерлік, моральдық-психологиялық және физикалық қасиеттерді қалыптастыруға және нығайтуға бағытталуы тиіс, сол негізде жауынгерлік шеберлік, рухани төзімділік пен қандай жағдай болса да жеңіске деген мықты ерік-жігерді дамыту қажет. Қызметкерлердің жауынгерлік рухын, олардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын қолдау, ең алдымен, өз халқы мен заңды сайланған Президентке шексіз адалдықта және кез келген жағдайда, тіпті өзін-өзі құрбан етуге дайын болуда көрініс табады.