back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ұлттық ойындар
11-09-2025 15:19
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, ұлттың баға жетпес қазынасы. Олар жас ұрпақты батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Әрбір ұлттық ойын халқымыздың тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Сондықтан ұлттық ойындарды дәріптеу, болашақ ұрпаққа жеткізу – ұлттық құндылықты сақтап, рухани байлықты арттырудың басты жолы.
Бүгінгі үлкен қоңырауда мектебімізде ұлттық мұра – «Тоғызқұмалақ» ойыны ұйымдастырылды.
Бұл ойын – ата-бабамыздан жеткен асыл қазына, логикалық ойлауды дамытатын зияткерлік спорт түрі.
Шараға қатысқан оқушылар тоғызқұмалақ тақтасының қыр-сырымен танысып, өздерінің ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын көрсетті. Ойын барысында балалар бір-бірімен бәсекеге түсіп қана қоймай, достық қарым-қатынас орнатып, бір-бірін қолдап отырды.
#нұраауданыбілімбөлімі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости