"Таза аула"
"Таза аула" акциясы аясында біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдері мектеп алдындағы аумақты тазалау жұмыстарына қатысты. Шараның мақсаты – мектеп ауласын көркейту, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және оқушыларды еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Акция барысында қоқыс жиналып, гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл іс-шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және өз ортасына қамқор болуға ықпал етті.
#нұраауданыбілімбөлімі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg