"Балдырған" мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады .
Р. Асубаев атындағы ЖББМ 30.06.2025 ж күні "Балдырған" мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады . Іс- шара дене шынықтыру жаттығуларынан басталды. Іс- шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ән айтып, би билеп, сурет салып, түрлі ойындар ойнады. « Түрлі - түсті арман" асфальтта сурет салды. Лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты.Күніміз шаттыққа толы әсермен үйлеріне қайтты.