back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
"Жыл мұғалімі-2025"
12-03-2025 15:31
5 наурыз күні Р. Асубаев ЖББМ "Жыл мұғалімі-2025" мектепішілік байқауының 1-кезеңі дене шынықтыру пәні мұғалімі Абильдин Қайрат Жарылғасынұлының 6-қазақ сыныбында өткізген ашық сабағымен аяқталды. Сабақтың тақырыбы: "Волейбол ойынының ережелері. Допты қабылдау" Мақсаты: 6.1.4.4 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау. Дамыту ойындарын құрастыру, дағдыларды қалыптастыру.
Сабақ басында мұғалім балаларды сапқа тұрғызып, сабақтың мақсатын атап, оқушыларға суреттер арқылы допты қалай қабылдау керектігін түсіндіріп, ережелерге тоқталды. Еденге жақын келген допты астынан алу, допты астынан қабылдап, артқа беру, доппен жарыс әдістерін түсіндірді. Қауіпсіздік ережелерін атап, оқушыларды ескертті. Жаттығулар жасап, шеңбермен жүріп отырып, түрлі жаттығулар орындады. Топқа бөлінген ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып, алақандарын біріктіріп ұстап, допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетті. Оқушылардың қаншалықты меңгергендіктерін байқаған соң, түзетіп, ойын жүргізді. Оқушылар ойынға белсене қатысты. Мұғалім тарапынан ескертулер,түзетулер жасалып отырды. Сабақ соңында диалог түрінде рефлексия жасалып, ойыншылар "волейболшылар медальондарымен" марапатталды. Мұғалім мақсатына жетті. Сабаққа барлық оқушылар белсене қатысты.
Новости