back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Жыл мұғалімі-2025"
11-03-2025 09:42
28 ақпан күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ "Жыл мұғалімі-2025" байқауына қатысушылар ашық сабақтарын жалғастырды. 9- қазақ сыныбында Каримолдина Гульсым Елубаевна химия пәнінен "Минералды тыңайтқыштар" тақырыбында сабақ өткізді. Мақсаты: минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау; азот және фосфат тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу.
Сабақ басында оқушылар бір-біріне тілек айтып, жағымды ахуал орнады. "Ұлттық аспаптар" арқылы топқа бірікті. Үй жұмысын "Жебе ату" ойыны арқылы тексерді.Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру барысында бейнеролик, презентацияны қолданды. Оқулық, қосымша ақпараттарды ұсына отырып, топтық жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар калий, азот, фосфор тыңайтқыштарын жіктеп, кесте толтырды. Постерге орналастырып, қорғады. Тыңайтқыш түрлерімен таныстырды. Өзара бағалау жүргізілді. Сурет, бейнеролик арқылы жұптық жұмыс орындалды. Эвтрофикация сатыларын орналастырды. Сұрақтарға толық жауап алынды. "Сөйлемді толықтыр" әдісімен рефлексия жасалды. Оқушылар не үйренгенін, білгенін, қоршаған ортаға көзқарасы жайлы ой-пікірлерін білдіріп, қорытынды жасады. Әр жұмыс түрлі әдістермен бағаланып отырды. Мұғалім мақсатына жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Экологиялық тақырыпта, функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар орындалды. Пайдалы ақпарат берілді. Оқушылар белсене қатысты.
Новости