«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы
08.11.2024 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылының Рахим Асубаев атындағы ЖББМ оқушыларымен бірге «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы өтті. Мақсатымыз: мектеп аумағын тазалау және мектеп алды учаскесінде шырша талдарын отырғызу.
Оқушылар қоршаған ортаның тазалығына бастамашылдық пен қамқорлық көрсете отырып, аумақты тазалауға белсенді қатысты. Акция балалардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға және мектептің аумағында тәртіпті сақтауға маңызды үлес болды.
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы