“Біртұтас тәрбие бағдарламасы”
Р.Асубаев атындағы ЖББМ “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бойынша 7-сынып оқушыларымен сынып жетекші Шаймерденова А.Б “Тәуелсіздік-тұғырым” атты сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында сұрақ-жауап,пазлдар құрастыру, асық ойыны ойнатылды.Желтоқсан желі әнін оқушылар орындап,Тәуелсіздік тақырыбында видео көрсетілді.