Ұлттық мектеп лигасының Баршын Тірек мектебі (РО) ұйымдастыруымен шағын футбол жарысының аймақтық кезеңінде 2011-2012 жылғы туылғандар арасындағы командалық есепте 2 орынды Сарыөзен НОМ оқушыларының командасы жеңіп алып, кубок иеленді. Үздік қақпашы мадақтамасын 9-сынып оқушысы Борщин Азамат алды. Аймақтық кезеңге 5 мектептен 10 команда қатыстырылды. 2013-2014 жылғы туылғандар арасындағы командалық жарыста мектебіміздің жас құрама командасы ІІІ орынды иеленді. Футбол секциясының жетекшісі, мектептің дене шынықтыру мұғалімі Абзал Авлияров.