#қазақшакүрес
14 наурыз 2026ж Сарыөзен НОМ оқушылары 22 Наурыз мерекесіне арналған Теңіз өңірі мектеп оқушылары арасында өткен ұлттық спорт түрі қазақша күрестен өткен сайысқа қатысты. Әр түрлі салмақтағы сайыс барысында оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. 20-25кг салмақта бақ сынасқандар арасынан 3ші сынып оқушысы Узбай Омар ІІ орынды жеңіп алды. 30-35кг салмақта күрескендер арасында ІІІ орынды 5сынып оқушысы Узбай Алишер иеленді. 40-45кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 6-сынып оқушысы Серикбаев Асқар ІІІ орын алды. 55-60 салмақ дәрежесінде бақ сынаған 9сынып оқушысы Қалқаман Еркін де ІІІ орынды иеленіп, оқушылар жеңіспен оралды. Ұйымдастырушы Абай атындағы Шұбаркөл ЖББОМ. Оқушыларымыздың жеңісті күндері көп болғай!
@obb_qaragandy
@umckrg